Кеңес Одағының батыры дүние салды

910

Шымкентте 11-шілде, жұма күні Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Қауымбаев Тоғанбай Қауымбайұлы 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Кеңес Одағында ерен ерлігімен көзге түсіп, батылдығымен аты шыққан Қазақтың батыр ұлдарының бірі – Тоғанбай Қауымбаевпен қоштасу рәсімі 12-шілде күні сағат 10:00-де Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалында өтеді.

«Отырар» телеарнасы, «Оңтүстік Рабат» және «Рабат» газеттері редакциясының ұжымы батырдың отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.