Биыл Қазақстанда 22,7 млн. гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

297

Биыл ел аумақтарында 22,7 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

4 ай ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3, ал азық-түлік өнімдерінің өндірісі 3,9 пайызға ұлғайды. Мал шаруашылығында өндіріс көлемі 3,2 пайызға артты.

Өсімдік шаруашылығында 2021 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды және бүгінгі күні егін егу жұмыстары толық аяқталды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарынің алқабы 2020 жылғы деңгейден 78 мың гектарға артық», — деді министр.

Шынар Оразова