Covid 19: Шымкент+40

123

 

Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 40 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 26, белгілері жоқ – 14). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 25 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 31%-ды құрайды, 877 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 399 науқас емделуде (КВИ-158, пневмония-234, ЖРВИ-7), жансақтау бөлімінде — 26 (5 — ИВЛ, 21 — НИВЛ).

Бір тәулік ішінде қалада 6787 адам вакцина алды (I компонент-3361, II компонент-3426). Егу науқаны басталғалы барлығы 200 152 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 105 374 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Құрметті шымкенттіктер, медицина мамандары қаладағы эпидахуалдың әлі де тұрақсыз болуына байланысты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қалыпты өмірге қайта оралудың жолы вакцина салдыру екенін еске салады. Барлық емханада таңғы 8.00-ден түнгі 22.00-ге дейін демалыссыз екпе егу бекеттері жұмыс жасап жатыр.