Шымкент қаласы ТЖ департаменті 2021 жылғы 1 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел туралы дауылды алдын алу ескертуді 2021 жылғы 31 мамырда таратқан болатын.

Хабарлама ұялы телефондарға СМС арқылы, «Дармен» мобильді қосымшасы және телеарналар арқылы халыққа, жергілікті атқарушы органдары мен мекемелердің басшыларына жеткізілген.

2021 жылғы 1 маусымда орын алған желдің нақты жылдамдығы секундына 26 метр болды. Желдің салдарынан қала бойынша 3 коммерциялық объектілердің, 5 көпқабатты тұрғын үйдің, 2 білім беру объектінің шатырлары ұшып, автокөліктердің, ғимараттардың үстіне құлаған. Жалпы ғимараттардың 3223 шаршы метр шатыры құлаған, 6 автокөлік зақымдалған, 2016 жылы туылған бала зардап шеккен.

Қаратау ауданы «Нұрсәт» шағынауданында, «Қызыл су», «Исфиджаб», «Өтеміс», «Сайрам», «Шапырашты» тұрғын алаптарында электрқуаты сөнген. Авариялық-қалпына – келтіру жұмыстарын Қайнарбұлақ, Сайрам аудандық электрстансалардың мамандары жұмыс атқарып, сағат 22:18-де аталған мекенжайларға электрқуаты қайта қосылды.

Барлық оқиға орындарында Шымкент қ.ТЖ департаментінің жеке құрамында 24 адам, 7 техника, «КазТрансГаз» АҚ Шымкент филиалының 3 қызметкері, 1 техникасы, «Оңтүстік Жарық транзит» ЖШС-ның 3 қызметкері, 1 техникасы, «Су ресурстар маркетинг» ЖШС-ның 70 қызметкері,10 техникасы жұмыс атқарған.

Орын алған төтенше жағдай бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінде жедел штаб құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Департаменттің жеке құрамы дайындыққа келтіріліп күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы