Дәретхана шатырына есірткі сақтаған…

21
фото ТО ПД

Қазығұрт аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер күдікті ер адамның үйіне тінту жүргізді.

Нәтижесінде оның дәретхана шатырынан газетке оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес алынған есірткі 10 грамға жуық «марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.