Токио-2021: Шымкент әкімі олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі

321

Биыл жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласында өтеді. Сайысқа Шымкенттен 11 спортшы олимпиадалық лицензия жеңіп алған. Олар спорттың 7 түрінен бақ сынайды.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жолдама алған спортшылармен кездесіп, сәттілік тіледі. Ал демеушілер есебінен әрбір спортшыға 2 млн теңге қаржылай сыйлық табысталды.

Шымкенттік 11 спортшы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған. Олар спорттың 7 түрінен еліміздің намысын қорғайтын болады. Атап айтсақ, бокс, стенд ату, каратэ, көркем гимнастика, дзюдо және оқ ату. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов спорт саңлақтарына сәттілік тілеп, елге жеңіспен оралатынына сенім білдірді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Сіздерге жанкүйер болып отырамыз. Сіздерге ақ жол. Жиналу себебіміз де сол. Өздеріңізге тілектес екенмімізді, біздің Қазақстанның туын көтереді деген үміттеміз».

Биыл алғаш рет ресми түрде жазғы Олимпиада ойынына каратэ спорт түрі енді. Аталмыш спорт түрінен елімізден 5 майталман бақ сынайтын болса, оның үшеуі шымкенттік. Солардың бірі каратэмен 6 жасынан бастап жүйелі түрде шұғылданып келе жатқан — Софья Берульцева. Ол дайындығымыз жоғары деңгейде, елге жеңіспен оралатыныма сенімдімін дейді.

Софья Берульцева: «Олипиадаға бару — әрбір спортшының мақсаты. Мақсатымыз енді айқын болып тұр. Енді жақсылап дайындалып, олимпиада шыңынан көруге үміттенеміз. Дайындық та жақсы болып жатыр».

Сондай-ақ, шымкенттік Игорь Лигай әлемнің 50 үздік төрешілер құрамына ену арқылы, жазғы Олимпиада санатындағы төрешілікке ие болды. Арнайы кездесу кезінде спортшыларға демеушілер тарапынан 2 млн. теңгеден табысталды.

Айта кетейік, 32-ші жазғы Олимпиада ойындары 3 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапонияның Токио қаласында өтеді. Лицензияға ие болған барлық спортшыларға екпе егілген.

Камила Есенғали