Сайрамдық сайыпқыран ел құрамасының сапында олимпиада ойындарына қатысуда

501

Бұл күндері әлем жұртшылығының назары Токиода. Түркістан облысынан 4 спортшы ел құрамасының сапында Олимпиада ойындарына қатысуда.

Олардың бірі – Сайрам ауданының тұрғыны, боксшы Бибосынов Сәкен Исмадиярұлы. Бүкіл сайрамдықтар Сәкен бауырымызды қолдап, оған сәттілік тілеуде. Тақымымызды қысып, жүлделі орыннан көрінеді, көк байрағымызды желбіретеді деп сенеміз. Сәттілік тілейміз!

2021 жылғы 6 айда ауданда 99 бұқаралық спорттық іс-шаралар, оның 5-і облыстық деңгейде және 94-і аудандық деңгейде өткізілді, қорытындысы бойынша аудан спортшылары 11 алтын, 14 күміс және 33 қола медальдарға қол жеткізді.
Сондай-ақ, аудан халқының игілігіне Қарасу ауыл округіндегі тойхана заман талабына сай спорт кешені ретінде берілді,- деді Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібекұлы бүгінгі жылжымалы брифингте.