Жазғы Олимпиада ойындарына шымкенттік 34 спортшы лицензия алуға үміткер

30

Биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Шымкенттік 34 спортшы лицензия алуға үміткер. Бұл туралы жауапты басқарма басшысы Ермек Дәрменов мәлімдеді.

Шілде айында бастау алатын Олимпиада ойындарына үміткер спортшылар бүгінде Олимпиадаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстарға қатысып жатыр.

Қазіргі таңда қанжығада оқ атудан Олимпиада Ойындарына лицензия бар. Оны Азия Чемпионатында Чирюкин Никита жеңіп алған еді.