Шымкент: Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов қиылысындағы жол торабы пайдалануға беріледі

158

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзі жетекшілік ететін сала қызметкерлерімен түрлі нысандарда болып, көшпелі жиын ұйымдастырды. Күн тәртібінде жол құрылысы, қоғамдық көлік, цифрландыру, туризм мәселелері қаралды. Проблемалар көп, оларды шешуге тек уақыт керек дейді шенеунік.

Жазда салқын, ал суық күндері жылу жүйелері қосылады. Қала әкімінің орынбасары ақылды аялдама үлгісінің ең маңызды тұсын цифрлық трансформацияны жиналғандарға таныстырды.

Әсет Әбдірахманов, Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы: «Біз интернетпен қосу жұмыстарының 80 пайызын жүйеге келтірдік. Келер жылы нәтиже бұдан да жоғары болады».

Жергілікті билік қаланы дамыту міндетін алған. Нысанды 1 қыркүйекте пайдалануға тапсыру жоспарланған еді, алайда белгілі кедергілер орын алып, тапсыру мерзімі 1- қазанға созылды. Мұнда жерүсті өткелі болады. Ал мынау күре жол.

Т. Рысқұлов көшесі пен Д. Қонаев даңғылының жолайырық жұмысы тәулік бойы қарқынды жүргізілуде. Құрылысшыларға үлкен жауапкершілік артылып отыр. Жол — шоғырланған көлік ағынына төзіп, жаяу жүргіншілерге қаупсіз болуы шарт.

Бұл өте маңызды жол нысандарының бірі. Мұнда бұған дейін көлік ағынының көптігінен мәселелер туындайтын. Сарапшылардың болжамы бойынша алдағы жылдары көлік ағыны мұнда бірнеше есеге өседі. Ал салынып жатқан жолайырық бұл мәселенің алдын алады.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Мына арматура ауыр салмақты көтереді. Бір мезетте ауыр салмақ түссе, мәселен 28 тоннаны жайбарақат көтереді. Түсінесіздер ме, қаншалықты барлығы қатаң қадағалауда. Ауқымды жоба. Үш жылда салынатын нысан 1 жылда салынуда. Біз үлгеріп жатырмыз. Жұмыстар жалғасуда».

Шымкентке қоғамдық көлік мәселесі әлі де өзекті. Шаһарға жаңа автобустар жеткізіліп еді, жанармай құю бекеттерімен мәселелер пайда болды.

Максұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Әзірге 36 бағыт субсидиялануда. Сосын 57 бағыт. 78 бағытқа жетуге бізге құю бекеттерінің тапшылығы кедергі болуда».

Өткен жылы Шымкентте ауқымды жол құрылысы жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 300 шақырым жолды жөндеу және абаттандыру жоспарланған. Бұл тек орталық көшелер емес, тізімде шалғайдағы елдімекендер де бар.

Ал мына жол болашақта Шымкентті Ташкентпен байланыстырады. Құрылыспен қатар жер телімдерін мемлекет меншігіне сатып алу жұмыстары жүргізілуде, ал даулы мәселелер сотта шешілуде.