Қаламыздың маңызды көшелерінің бірі Жангельдин көшесінде инвесторлар есебінен ақылды жаяу жүргіншілер жолы пилоттық жоба ретінде орнатылды. Бұл жоба Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Алдын айтып өткенімдей, қаламызда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи, осындай жобаны қолға алып жатырмыз.

Бұл Жангелдин көшесінің бойына орнатылған «ақылды жаяу жүргіншілер жолы» деп аталатын, жолды жоғарыдан жарықтандырып, арнайы белгілермен қамтитын проекциялық аппарат.

Мұндай жарқын проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі әдеттегі жолдан әлдеқайда артықшылықтарға ие. Мәселен, проекция жаяу жүргіншіні жарықтандырып, оны қараңғыда да, алыстан да айқын көрсетеді және ауа-райы мен көлік түрін талғамайды.
Мен ойлаймын, осындай жобалармен, инвесторлармен, қаламызды одан да қауіпсіз, көрікті мегаполиске айналдыра түсеміз деп.»- деп жазған Мақсұт Пернебайұлы.
Айта кетейік, осыған дейін де дәл осындай пилоттық жоба Сыпырған Ата көшесі мен Әл-Фараби көшесінің қиылысы, Темірлан тас жолындағы «Satti zhol» жанар-жағармай бекетінің маңына да орнатылған болатын.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі