Шымкентте 12 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі

343
Шымкентте 12 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі

Шымкентте 12 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкентте 12 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі

Кез келген мегаорталықтың транспорттық жүйесінің ең басты мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов Шымкенттегі Әл Фараби алаңы мен жаңа әкімшілік іскерлік орталығында 12 шақырымдық велосипедпен жүруге арналған арнайы веложол жасауды тапсырды.

Шымкентте 12 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі

Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңінде Бауыржан Момышұлы, Желтоқсан және Дінмұхамед Қонаев даңғылы және Т.Назарбеков, С.Бәйтереков, Астана даңғылындағы велосипед мінгенден үшін кедергілерлерді жою жұмыстары жүргізілуде.

Шымкентте 12 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі

Жобаның екінші кезеңі аясында веложол Ордабасы алаңы және Қазыбек би көшесі, Желтоқсан көшесі мен Д.Қонаев даңғылы аралығын жалғайтын болады. Жылдың соңына дейін аталған бағыттар бойынша арнайы веложол белгілері, велосипедке арнаған орындар салыну жоспарланған.

Шымкентте 12 шақырымдық веложол пайдалануға беріледі

Сонымен қатар жыл соңына дейін шаһардағы Сайрам, Ш. Уәлиxанов, Т.Рысқұлов, Тұрсынов көшелеріндегі аяқжолдарды велосипед жолына ауыстыру жоспарланған.