Қазгидрометтің бұған дейін берген мәліметтеріне сәйкес 6 маусым күні желдің екпіні 15-20 м/сек күшейетіні туралы дауылды ескерту жарияланды. Ол туралы тұрғындарға СМС хабарламалар, теле,радиоарналар арқылы хабарлама таратылған болатын.
Шымкентте кешкі 18.30 шамасында екпіні секундына 15-тен 28 метрге дейін болатын дауылды жел соқты. Нәтижесінде 1 коммерциялық нысанның, 4 жеке меншік үйдің және 8 көп қабатты үйдің шатырлары ұшты. Ұшқан шатырлардың жалпы ауданы 585 шаршы метр.
Сондай-ақ, ауданы 36 шаршы метрді құрайтын көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қаптама материалы, ағаштардың құлауы және үйлердің шатырының бұзылуы салдарынан 8 автокөлік зақымданды.
Дауылды желдің салдарын жою үшін оқиға орындарында Шымкент қаласы ТЖД –ның 6 бірлік техникасы мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды.