Дауылды ескерту

58

«Казгидромет» орталығының кезекші синоптигі Д.Амированың мәлімдеуінше Шымкент қаласында 2021 жылғы 26 қарашада түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Дауылды ескертуге байланысты мына сақтық шараларды сақтаңыздар:
– Есіктерді, терезелерді, шатырлы және желдеткіш люктерді мықтап жабыңыз.
– Көршілерге қауіп туралы хабарлаңыз.

– Балкондардан (аулалардан) жел алып кетуі мүмкін заттарды алып тастаңыз.
– Ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан, діңгектерден, тіректерден және электр сымдарынан аулақ болыңыз.

– Көліктерді ағаштардың, билбордтардың астына қоймаңыз.
– Қатты желден үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, ағаштарға, аяқталмаған ғимараттарға жақын тұрмаңыз, шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін.

– Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті

– Сабырлы болыңыз және үрейленбеңіз

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы