Түркия Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына 20 млн. АҚШ долларын бөлмек

98

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек кездесті. Отырыс барысында Халықаралық білім ордасының даму жоспары жайлы талқыланды. Осы мақсатта Түркия елі университетке 20 млн доллар бөлемек. Ол қаражат оқу орданың жаңғырту жобаларына жұмсалады дейді облыс әкімі.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Түркістан 3 бағытта даму керек. Әкімшілік орталық жаңа қала, ескі қала, тарихи қала, рухани қала. Ал мына үшіншісі университет. Кадрлар таңдаған кезде бірінші орынға сол кадрлардың осы университетке деген көзқарасын тексеру қажет. Жас, жанып тұрған жастарды жұмысқа тарту керек. Негізгі мәселе, сол университет ішіндегі контентті көтеру қажет. Студенттер мен мұғалімдерді материалдық тұрғыда қолдау қажет».

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арқасында университет студенттері енді түркиялық білікті дәрігерлермен тәжірибе алмаса алады. Сондай-ақ, шет елден арнайы шақыртумен келген мұғалімдер баспанамен қамтамасыз етіледі дейді Өмірзақ Шөкеев.

Камила Есенғали