Коронавирус індетіне қарсы міндетті вакцинациялау қаншалықты заңды? Бұл сұраққа Әділет министрлігі жауап берді.
Ведомства мәліметінше, міндетті вакцинация Конституция талаптарына қайшы емес. Көрсетілген мәліметтерге сай, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық туралы Кодексте шаралар анықталған.
Сәйкесінше, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі –профилактикалық екпелер екен.
Осылайша, медициналық қайшы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациялаудың құқықтық негіздері бар екен. Және бұл «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деген конституциялық нормаға сәйкес келеді деп мәлімдеді Әділет министрлігі.
Ақмарал Айтбаева