Алаяқтардың айласы…

46
фото Егемен.кз

Әділет министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан бұйрықтың фейк екенін мәлімдеді. Желіде қойылған қолма-қол ақша қаражатын сақтау жөніндегі есептілік туралы «бұйрықтың» көшірмесі тарады. Алаяқтар әділет министрлігінің есікірген эмблемасын да қолданған.

«Министрліктің ескірген эмблемасы қойылған қолма-қол ақша қаражатын сақтау жөніндегі есептілік туралы ақпараттың жалған екендігін ресми түрде мәлімдейді. Құжатта көрсетілген әділет вице-министрі Алма Мұқанованың қолы емес», – делінген ресми хабарламада.
Министрлік мамандары өзге тұлғаларға дербес мәліметтерді бермеу қажеттігін ескертті. Ал қосымша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «119» нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.