Оңтүстікте алғаш рет генетикалық сараптама орталығы ашылды

528
зертхананың ДНК бөлу бөлмесі

Облыстық сот сараптамасы институтында молекулярлық-генетикалық сараптама зертханасы ашылды. Салтанатты рәсімге Ақордадан ат артып келген әділет министрінің өкілдері арнайы қатысты.

зертхананың салтанатты түрде ашылуы
Зертхананың салтанатты түрде ашылу сәті

Адам ағзасындағы ең нәзік әрі маңызды құрылым болып табылатын ДНК-ға зерттеу жасайтын құрал АҚШ-тан жеткізілген. Өңірімізбен қатар Қызылорда, Жамбыл облыстарына бірдей қызмет көрсететін орталықтың қызметкерлерін арнайы оқыту үшін Мәскеуден мамандар шақырылған.

зертхананың ДНК бөлу бөлмесі
Зертхананың ДНК бөлу бөлмесі

Сот сараптамасын тағайындау мерзімін жеделдетіп, тергеушілердің жұмысын жеңілдететін орталықтың елімізде теңдесі жоқ. Мұнда әзірге үш адам қызмет етуде. Мамандар жеке тұлғалардың да сұранысын қанағаттандыра аламыз деп отыр.

 Бөкенбай Бишманов, ҚР Әділет Министрлігінің сот сараптамасы орталығының директоры: «Бұл – Әділет министрлігіне қарасты алтыншы зертхана. Бірақ заманауи үлгіде жабдықталған жалғыз орталық әзірге осы ғана. Соңғы уақытта орын алып отырған қылмыстарды ашуда заманауи технологиялар жоқтың қасы. Сол себепті де жаңа үлгіде жабдықталған орталықтарды көбейтуге бел будық. Бұл қырылғылар сот пен құқыққорғау органдарында тұралап қалған сұрақтарға жауап бермек».

АҚШ-тан жеткізілген құрылғы
АҚШ-тан жеткізілген құрал – осы

Екі қабатты сот сараптама орталығының бірінші қабаты зертхана жұмыстарына арналған. Үш бірдей бөлме соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталып отыр. Әр құрылғының қыр-сырымен танысып шыққан қонақтар  «Жеке сот сарапшылары институтын дамыту және ынталандыру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, ойларын ортаға салды.