Еліміздегі ауылдардың ахуалын реттеуге 106 млрд. теңге жұмсалады.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 480 елдімекен қалыпқа келтірілмек. Барлығы мыңнан аса жоба дайындалды. Ал келесі жылы 570 ауылда инфрақұрылым жаңғыртылады. Бұл үшін 130 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бағдарлама 2025 жылға дейін жалғасады. Сөйтіп «Ауыл – ел бесігі» аясында 3,5 мың елдімекеннің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту көзделіп отыр.
Жалпы 540 млрд. теңгеге 2,5 мың ауылға жаңа кейіп келеді. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша қазір Қазақстанның аумақтық даму жоспары әзірленіп жатыр. Жоспар 2025 жылға дейін жүзеге асады.
Шынар Оразова