Энергетикалық және инженерлік инфрақұрылымды дамыту – өзекті

237

Мемлекет басшысы энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында аталған сала мен атом өнеркәсібін дамытудың келешегі және электр қуатының тапшылығын шешу проблемалары талқыланды.

Президент тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен қуат өндіруші станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және саланы цифрландыру, электр желілеріндегі апаттарды азайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігіне заңсыз майнинг мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.

Шынар Оразова