Емшіге барып қолынан айырылған баланың ата-анасы жазаланды

348
фото Sputnik

Комиссия Маңғыстау облысында емшінің емінен кейін қолынан айырылған баланың ісін қарады,  — деп хабарлайды Sputnik. Емшіге барғаннан кейін кейін қолы кесілген баланың ата-анасына айыппұл салынады.

Өңірлік «Ақтау-Лада» басылымының ақпараты бойынша, бұл іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралған.

«Ауыл әкімдігі, ақсақалдар, мектеп әкімшілігі және көршілері отбасыға оң мінездеме бергені ескерілді. Бұл жанұяның балалары үлгілі екені анықталды: барлығы спортпен шұғылданады», — деп хабарлады аудандық білім басқармасы.
Комиссия бірауыздан қылмыстық кодекстің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Баланың ата-анасына 10 айлық есептік көрсеткіштен 15-ке дейін айыппұл салынды (29 170 және 40 785 теңге).

 

Естеріңізге салсақ, Маңғыстау облысында бала велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Содан кейін баланы жергілікті «емшіге» апарған. Ол баланың қолын тексеріп, таңып үйіне жіберген.

Он күннен кейін баланың оң қолы жансызданып, баланың ата-анасы дәрігерлерге жүгінді.

«Балалар хирургы Құрман Қайранов баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Егер ол уақтылы араласпаса, гангрена бір апта ішінде бүкіл денеге жайылып, бала аман қалмас еді», — дейді Сәрсенбаев.