Калифорния қуаңшылықтан экологиялық дағдарысқа ұшырады. АҚШ-тың батыс өңірі қуаңшылықтың зардабын тартып жатыр.
Аймақтағы аптап ыстық орманды алқап пен егістікке қауіп төндіріп тұр. Аномальды ауа температурасынан ауыз су қоры таусылып барады. Ауыл шаруашылық мақсатында қолданылатын су тапшылығы пайда болды.
Әсіресе, Айова, Миннесота мен Дакотадағы жағдай қиын. Соңғы 40 жылда болмаған қуаңшылықтан Калифорниядағы Солтон-Си көлі тартылып, бұл аймақ экологиялық дағдарысқа ұшырады.
Ауыл шаруашылық саласы Калифорния экономикасының негізгі драйвері екенін айтып кету керек. Штатта негізінен жеміс-жидек, жаңғақ пен сүт өнімдері шығарылады.
Шынар Оразова