Кентау қорғасын қалдығына көмілуде

424
Кентаулықтар есіктерін алдын тазалаймен-ақ шаршайды

Моноқалалардың бірі кенді қала-Кентау. Қаладағы Байылдыр өндіріс комбинаты қалдықтар аймағының жай-күйi қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Химиялық қалдықтарға толы 250 гектар жердiң беті қазіргі таңда ашық жатыр. Жәй желдің өзіне көтерілген шаң-тозаң қаланың ауасын ластап қана қоймай, тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Дауылдарда қара топырақтан көз ашпай қалалықтардың назы көп.

Байырғы кенші Дамир Насыровтың әр күні қара топырақты тазалаумен басталады. Кентаулықтар арасында «хвостовой» атанып кеткен өндіріс қалдықтарынан ұшып келетін майлы қара топырақты зайыбы екеуі сумен шайып әлек. Немерелеріне зиян тимесін деп жасайды оның бәрін.

Дамир Насыров, қарт-шахташы: «Кәдімгі қара шлак. Көзіңе де кіреді, ауамен де жұтамыз. Немерелерім үшін қатты уайымдаймын. Біздің жақтың өрік, шабдалысы піспей жатып, қақ айрылады. Іші тола қара топырақ болады. Оның рахатын мал көреді. Осы күні оларға шөп беруге де қорқамын. Уланып жатырмыз, уланып».

Қалдық орнына жақын орналасқан Бала-Бургем елдімекеніндегі үйлердің терезелерінен қысы-жазы қаптағыш кленка шешілмейді. Самалға көтерілетін шаң-топырақ, дауылды күндері тіпті, басып қалады екен.

Күләш Сарсенбиева, Кентау қаласының тұрғыны: «Қысы-жазы кленка алмаймыз. Алсақ, қара топыраққа шомылып қаламыз. Желді күндері кір жуада алмаймыз. Биыл тым қатты дауылдар тұрып,мазамызды алды. Сәл жел тұрса, далаға шыға алмаймыз. Тамағымыз бітеліп, балаларымыз да, өзіміз де жөтелден көз ашпай қалдық. Қара түнек болған да оларды сабаққа да жібермейміз».

Қарт-шахтерлардың айтуынша, «хвостовойдың» беті тез-арада жабылмаса, болашақ ұрпақтың денсаулығы күрт нашарлап, көк жөтел көбейеді.

Бейсенбай Сарсенбаев, қарт-шахтер: «Бұл қара топырақтың құрамында адам денсаулығына зиянды 25 металл қалдықтары бар. Біз соны жұтып отырмыз. Айтпаған жеріміз жоқ. Ешкімнің жаны ашйын демейді. Уақытысында бәрі пайдаланды. Енді қалдықтарын кентаулықтар жұтып, қара топыраққа шомылып отыр».

Химиялық қалдықтарға толы ауамен тыныстап, қара топырақпен ластанған суын ішкен адамдардан бастап, уланған шөбін жеген малдар да экологиялық дағдарысты бастан кешуде. Мәселеден қала әкімі де, облыс басшылығы да хабардар. Алайда, қолданылып жатқан шара жоқ.

Бахытбек Байсалов, Кентау қаласының әкімі:«Өкінішке орай, бұл Байылдыр өндіріс комбинаты қалдықтарын жабуға жыл басында ешқандай қаражат қаралмаған. 2008 жылы «Шалқияцинк» фабрикасы жабылғалы бері, бұл проблема өршіп келеді. Былтыр 7 млн. теңге қаралып, оның жобалық сметалық құжаты есебінен 268 мыңға жоба жасалды. Оның орындалатын мерзімі 11 ай. Биыл біз бірсалалық қалалардың ішіне кірдік. Ол бойынша 241 млн. теңге бөлінген. Осы қызметке келгелі бері облыс әкімі оның орынбасары, осы мәселеге көңіл бөліп, бетін жабу туралы мәселе көтерілген. Министрлікте қағаздың толық қанды болмағандықтан және мерзіміне байланысты, яғни жылдың аяқталуына төрт ай қалғанын ескере отырып, келесі жылы толық шешіледі деп отырмыз. Кентау қаласының әкімдігі ғана емес, облыс әкімі , тиісті министрліктің бәрі мәселені толық біледі. Десе де, кезекті сессияда біз қаражат ұсынып, бетін сумен ұстап тұрудың амалын жасаймыз. Оған бір айдың көлемінде 3,5 млн. теңге қажет. Жылдың аяғына дейін міндетті түрде ақша қаралады».

Кеңестік дәуірде қорғасынымен әлемге танылған қала тұрғындар бүгінде соның зардабын тартып, қалдығына шомып отыр. Анығырақ айтсақ, елінің абыройын асқақтатқан қарт шахтерлер, немелерінің денсаулығы мен болашағы үшін араша сұрайды.