Түркістан облысы Израиль кәсіпкерлерімен жұмыс істеуге дайын

51

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесті.

Кездесуде екі жақты ынтымақтастық жайлы сөз болып, агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жоғары технологиялар саласы талқыланды. Сондай-ақ, өңірдегі туризм саласын дамыту жайы да сөз болды.

Рашид Аюпов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Түркістан қаласын 2050 жылға дейін дамытуды жоспарлаудамыз. Қаланың шағын, тарихи, әрі туристік орталық болатынына сенеміз. Келешекте жылына 5 миллион турист қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бұрын пандемияға дейін қаламызға бір жарым миллион турист келген болса, пандемия кезінде 900 мыңға жуық адам келді. Биылғы жылы әсіресе демалыс күндері тәулігіне 12 мың турист келуде. Жалпы біз осы жылы 2 миллионға жуық турист болады деп болжап отырмыз».

Кездесу соңында, облыс әкімінің орынбасары мәртебелі мейманды Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Израиль кәсіпкерлерін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Лиат ВЕКСЕЛЬМАН,  Израиль мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі:» Сіздердегі этнотуризм, киіз үй, тағамның бәрі жоғары деңгейде. Қонақ үй сәулетті болса да, бағасы қолайлы болғаны біздерді қызықтырды. Біздің экономикалық одақтағы ең маңызды тақырып ол ауыл шаруашылығы. Осы салада жұмыс істейтін бізде компания көп. Біздің делегациямыз қазір Алматы қаласында. Олар қазір Жамбыл, Қызылорда жұмыс істеп жатыр. Егер сіз оларды осында шақырсаңыз біз өте қуанар едік».

Әлихан Файзханов