«Алатау» сауда орталығы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын сауда-саттық жүргізуге, ал бизнес өкілдерін іскерлік қарым-қатынас орнатуға шақырады. Темірлан тас жолы мен Алматы күре жолының қиылысында орналасқан сауда орталығында түрлі құрылыс материалдары, автобөлшектер мен сан алуан ауыл шаруашылығы тыңайтқыштары бар. Жеке кәсіпкерлерге тиімді жеңілдіктер қарастырылған.
Сапалы құрылыс материалдары қажет пе? Түс қағаз, түрлі бояу мен линолеумның кең таңдауын «Алатау» сауда орталығының павильондарында табасыз. Керемет жайлы жағдайда көңіліңізден шығатын затты асықпай таңдап аласыз. Орынбек Қыстаубаев шымкенттіктер мен Түркістан облысының тұрғындарын сауда орталығына шақырады. Еш өкінбейсіздер дейді кәсіпкер.
«Алатау» сауда орталығында заманауи павильондар, қойма орындары, қонақ үй кешені, дәріхана, көліктерге арналған тұрақтар карантин талаптары және өрт қаупсіздігі ескеріліп жайғастырылған.
Енді ісін бастаған жеке кәсіпкерлер үшін «Алатау» сауда орталығында жеңілдіктер қарастырылған. 30 -дан 200-ге дейінгі шаршы метр сауда алаңдары бастапқыда тегін беріледі.
«Алатау» сауда орталығы Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы мен ескі Алматы күре жолының қиылысында орналасқан, «Бек» жанармай бекеті жанында.