Ет пен электр қуатының бағасы инфляцияны ушықтырды

76

Ет пен электр бағасы инфляцияны ушықтырды. Маусым айында азық-түлік бағасының жылдық өсу қарқыны 10,6% болса, шілдеде 11,0%-ға дейін жеделдеген. Әсіресе етттің барлық түрі қымбаттаған.

Ұлттық банк мұны шығындардың көбеюімен байланыстыруда. Банк мамандары сыртқы нарықта азық-түлік бағасының өсуі баяулағанын да айтады. Бірақ бұл ішкі нарыққа әсер етпеген. Керісінше, өсімдік майы мен қанттың қымбаттауы жалғасқан. Шілдеде елдің оңтүстігі мен көрші елдерден көкөністің көптеп келетініне қарамастан, баға өскен. Электр тарифі сәуірдегі рекордтық өсімін қайталап, инфляция 5%-ға жылдамдады.

Шынар Оразова