Инстаграм арқылы алдап кетті

126

Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» арнасы арқылы Шымкент қаласының тұрғыны көмек сұрап, арызданған. Ол арызында белгісіз тұлға «Instagram» әлеуметтік желісінде киім-кешек жеткізетіндігін айтып, сеніміне кіріп, 33602 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері бейтаныс азаматтарға жеке есепшотқа қатысты мәліметтерді бермеуге, ақша аудармауға кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі