Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

618

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің өкімімен Әбілсейт Рабаев қалалық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Әбілсейт Байсейтұлы 1981 жылы дүниеге келген, мамандығы бойынша – инженер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы «Компания Ерке» ЖШС-нде оператор болып бастаған. 2009-2015 жылдары ОҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында түрлі лауазымдарға қызмет етті.

Кейіннен Шымкент қаласы құрылыс бөлімінің басшысы, қалалық Құрылыс басқармасының басшысы, «Shymkent ӘКК» төрағасы болып қызмет атқарған.