«Шымкентте 5 жасар қызды туысы зорлап келген»

82

Шымкентте бес жасар қыз туысынан зорлық көріп келеді. Бұл туралы әлеуметтік желілердің бірінде «Немолчи» қоғамдық қоры ақпарат таратты.

Олардың айтуынша, қордың сенім телефонына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Онда 5 жасар қызға жақын туысының сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап жүргені айтылған.

Ал, анасы бұл жағдайды білсе де, туыстарынан қысым көріп отырған көрінеді. Белсенділер қаршадай қызға азғындық жасап жүрген ер кісінің тиісті жазасын алуын және ол үшін Полиция департаментінен шұғыл шара қолдануын сұрады.

Мөлдір Бекеева Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы: «Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментімен ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлігімен (Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 24-бабына сәйкес істiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда».

Олжас Айдарбек