Зорлыққа қарсы амал бар: «111» нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді

39
фото Ашық дереккөзден

Қиын жағдайға тап болсаңыз, Сізді біреу ренжітсе, отбасында зорлық көрсеңіз, қоғамдық және де өзге орындарда құқығыңыз тапталса, «111» нөміріне хабарласа аласыз. Орталықтағы операторлар Сізге көмектесуге тырысады. Сондықтан оператордың сұрағына  мейлінше нақты жауап беру қажет.

«111» нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды.
«111» нөмірі — 24/7 жұмыс істейді;
«111» нөмірі — тәулік бойы ІІД және өңірлік жедел әрекет ету топтарымен байланыста;
”111” нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды,  Барлық қоңыраулар тіркеледі. Әрбір қоңырау шалушыға мәселе бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беріледі.
  • Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша ден қоюымыз маңызды. Баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік танытып, “111”-ге хабарлау қажет.
Әрқайсымыз «111» нөміріне құқық бұзушылық туралы дер кезінде хабарлау арқылы отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуға тиіспіз.