Шымкентте жылу маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын

158

Шымкентте алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Шаһар аумағындағы ескірген жылу құбырлары жаңалануда. Жауаптылар ұзындығы 29 жарым шақырымды құрайтын жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы берген мәлімет бойынша, биыл жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,96 млрд. теңге қаралған.

Жылу маусымы жақындап келеді

Бүгінгі күнге жұмыстардың 84 пайызы орындалған, ол 24,7 шақырымды құрайды. Жоспарлы жұмыстар кестеге сәйкес қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталмақ.

Шынар Оразова