Көшедегі ретсіз саудамен күрес көптеген жылдар бойы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұндай сауда түрі Қазақстанның барлық қаласында белең алған. Олар базар маңында, аллеялар мен көшелерде сауда жасайды. Сатушылар қатысты негізгі шағым – олар мемлекет қазынасына салық төлемейді. Бірақ карантин енгізілгеннен кейін басқа да мәселелер туындап отыр. Ретсіз сауда иелері санитарлық нормаларды сақтай ма? Және «Ашық» бағдарламасына қатыса ала ма?

Шымкенттегі қырғы базар маңындағы бұл аллея ретсіз сауда иелерінің сүйікті орны. Базардағыдай жер үшін мұнда төлем талап етілмейді. Сондықтан жеміс -жидек, көкөніс пен ыстық нан сатушылар өз тауарларын жылжымалы үстелдерге, тіпті орындықтарға жайып, сауда жасайды.

Ал сатып алушылар санында шек жоқ. Жабайы бизнес саудагерлерімен күрес үнемі жүргізіліп тұрғанымен, ондағылар көп ұзамай бұл орындарға қайта оралады. Осы жылдың 7 айында Шымкентте белгіленбеген жерде сауда жасаған 2856 адамға айыппұл салыныпты. Заңсыз сатушылар мемлекет қазынасына 7 млн. теңгеден астам айыппұл төлеген.

Мұхтар Бұхарбаев, Шымкент қалалық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы: «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес белгіленбеген жерде сауда жасау ескерту жасауға немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бірақ сатушылар қайтадан бұзып жатады. Бұл жағдайда айыппұл 10 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Осы жылы қайталанған бұзушылықтар үшін 61 адамға жалпы сомасы 1 миллион 779 мың теңге айыппұл салынды».

Сатушылар айыппұлды төлей салып, әрі қарай жұмысты жалғастыру тиімді дейді. Алайда олар журналистермен камера алдында сөйлесуден бас тартады. Қала тұрғындары да осы саудагерлер жағында. Айтуларынша, халық жұмыс істеп, отбасын асырауы қажет.

«Ал бізде жұмыс істейтін кәсіпорындар бар ма? Жоқ? Сондықтан адамдар отырады осы жерде, өмір сүру керек», дейді.

Биыл ретсіз сауда аймақтарына рейдтер күшейтілді. Санитарлық дәрігерлер мұны мұндай сатушыларды бақылау мүмкін болмағандықтан дейді. Олар көбінесе екпе алмайды және «Ашық» бағдарламасына қатыспайды.

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Ретсіз сауда орындарында санитарлық ережелер нормалары, сатушылардың жеке гигиенасы, сауда орындарының талаптары әрдайым сақталмайды. Ретсіз сауда – бұл заңсыз сауда, олар Ашыққа қатыса алмайды. Қаулы бойынша олар Ашық жобасы бойынша жұмыс істей алмайды».

Ретсіз сауда иелері коммуналдық қызметтерлерге де бас ауруға айналып отыр екен. Себебі ол орындарда қоқыс көптеп жиналады. Және де, ретсіз саудагерлер мемлекет қазынасына салық төлемейді.

 

Олжас Айдарбек