Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында балалардың мектепке қандай киіммен бара алатынын айтты. Оның сөзінше, оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге болады. Бірақ бұл шешім тек қана келесі оқу жылы үшін қабылданды.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: «Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзекті болады. Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылдадық».
Еліміздің бас ұстазы ата-ана ретінде де, Білім және ғылым министрі ретінде де мектеп формасын киюді қолдайтынын айтады. Алайда, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға және болуы мүмкін кейбір отбасылардығы уақытша экономикалық қиындықтарды ескере отырып осындай шешімге келгенін жеткізді.