«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мерзімі ұзартылды

49

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау 2022 жылға дейін ұзартылды.

 

«Қарапайым заттар экономикасы » бағдарламасының жобаларын қаржыландырудың жалпы сомасы — 1 трлн теңге. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеуге 300 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы саласына серпіліс қажетАӨК-тегі өндіруге 300 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге 400 млрд теңге көзделеді. Айта кету керек, қаржыландыруды ҚР Ұлттық банкі өз қаражаты және басқаруындағы қаражат есебінен ұсынады. Бағдарламаның операторлары –екінші деңгейдегі банктер және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Еске сала кетейік, «Қарапайым заттар экономикасы» 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және ол кредит бойынша пайыз мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және кредитке кепілдік беруді қарастырады. Соңғы қарыз алушы үшін мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетілді. Кредиттеу мерзімі 10 жылдан аспайды. Кредит сомасына шектеу жоқ.

Шынар Оразова