Еліміздегі жоғары оқу орындарындағы студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақы көлемі қыркүйек айынан бастап артты.
Бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға өсті. Дәлірегі студенттер шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге көбейсе, Педагогикалық бағыт бойынша оқитын ЖОО студенттерінің степендиясы 42 000 теңгеден 50 400-ге өсті.
Ал болашақ дәрігерлер бұған дейін 26186 теңге алып келсе, енді 50400 теңге алады. Сондай-ақ магистранттардың шәкірақысы 66913-тен 76950 теңгеге көбейді.
Докторанттардың шәкірітақысы 150 мың болса, енді олардың айлық стипендиясы 172500 теңгені құрап отыр. Айта кетейік, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есеге көбейді.
Жанерке Хумар