Қазақстанда вирусолог мамандарды дайындайды

37

Әлемдік пандемия вирусолог мамандарын даярлау қажеттілігін көрсетті. Осыған орай білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тапсырма берді.

Аталмыш жоғары оқу орны Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, вирусолог мамандарды даярлайды.

Министрдің тапсырмасына сәйкес ЖОО осы бағытта магистранттар мен докторанттарды оқытады. Бүгінде ұлттық университет ректоры мен ғылыми зерттеу институтының басшылары тиісті келісімге қол қойды. Бірлесіп вирусология саласында жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі. Естеріңізге сала кетейік, дәл осы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институт қызметкерлері отандық COVID-19 вакцинасын әзірлеген болатын.

Жанерке Хумар