Қоғамдық қабылдау тұрғындардың өзекті мәселесімен жалғасын тапты

134

Тағы бір мағыналы қабылдау Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің ғимаратында жалғасты. Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен депутаттар Сүлеймен Тұрсымбайұлы мен Ақиқат Махмудұлы тұрғындар арасында орын алған өзекті мәселелермен қатар қаланы газбен қамту мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Талдап тоқталар болсақ, қабылдауға келген Орынбаев Әбдінаби, Алиакбаров Серікбай және Күшікбаева Меруерттердің мәселелері бір бағытта болды. Олар ауыз су, сарқынды су және жылу мен жарық мәселесі жайлы қозғады. Тұрғындар алдағы қыс мезгіліне жылыту маусымдық жұмыстары жайлы мәлімет алып, қаланы газбен қамту жұмыстарының жоғары деңгейде аяқталғанынан хабардар болды. Сонымен қатар ауыз су және сарқынды су құбырлары тартылмаған аумақтарда қай уақытта жүргізілітеніне нақты жауап ала білді. Тұраров Мұрат есімді азамат өзі тұрып жатқан аумақта ауыз су жүйесінің тартылмағандығын және өз үйіне газ құбырын жүргізу жұмыстарының қиындық тудырып жатқандығын айта келді. Нәтижесінде Сүлеймен Тұрсымбайұлы өз қаражатынан осы азаматқа үйіне газ құбырларын жүргізіп беруді мойнына алды.

Тағы бір осындай жомарттық істің көрінісі Абдувалиев Акрамжанға да жасалды. Оған депутат Ақиқат махмудұлы өз қаражаты есебінен газ жүйесінің сары жәшәгән орнатып беруді ұсынды. Тағы бір мәселені Атаханова Жамила айта келді. Ол қаламыздағы көптеп асылнған демалыс орындарында адамдар аялдайтын орындықтарды көбейту ұсынысымен келген екен. Бұл ұсыныс та назардан тыс қалмай. Алдағы уақыттарда өз шешімін табатын болды.