Сайрамдықтар Сауранды көгалдандырды

108

Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында Сайрам ауданына бекітілген аумақта бүгін сенбілік өтті.

Сенбілікке Сайрам ауданының 45 тұрғыны қатысты. 2 техника жұмылдырылды.
Тазалық жұмыстары Сауран ауданына қарасты Ынтымақ елді – мекенінің халықаралық маңызы бар жолынан бастап Кентау қаласы Шаға ауылдық округінің шекарасына дейінгі аумақтарында жүргізілді.

Жол бойындағы бейберекетсіз арам шөптер орылып, отырғызылған ағаштардың шарбақтары сырланды.