Шымкентте екі адам суға кеткен

63

Шымкентте шомылу маусымы кезеңінде 2 жазатайым оқиға тіркелген. Осылай деп Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұрхан Қаракөзев мәлімдеді.

Сөзінше, осы кезеңде тағы 2 адамды суға батып бара жатқан сәтінен аман алып қалған. Төтеншеліктер оқыс жағдайдың алдын алу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатқанын алға тартты. Соның бірі — аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жүзуге тегін оқып үйрету.

Шымкентте шомылу маусымы кезеңінде 2 жазатайым оқиға тіркелді. Сала мамандары сөзінше, суға батып кетуге бірнеше фактор әсер етеді. Олар ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруы, тыйым салынған аймақта шомылу немесе өз күшін жете бағаламау.

Осы мақсатта «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбы бойынша бейнероликтер көрсетілімі өтіп жатыр.

Нұрхан Қаракөзов, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы: «Қауіпсіз жүріс-тұрмыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу орындарында интерактивті сабақтар, жиындар өткізіліп, қала көшелерінде 45 билборд орнатылып, 19000-нан астам үгіт-насихат парақтары халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін таратылды».

Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін жүзіп оқыту жұмыстарын жүргізген. Ол бойынша қаладағы бассейн иелерімен 10 меморандум жасаған. Осыған сәйкес 500 бала тегін жүзіп үйрену курсынан өткен. Жауаптылар алдағы уақытта да атаулы шара өз жалғасын табады деп отыр.

Нұрхан Қаракөзев, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы: «Келесі жылға біз 4 аудан әкімдігімен бірлесіп, қала аумағында орналасқан 18 бассейндердің егелерімен меморандум түздік. Ол 500 баланы тегін оқытуға, үйретуге жоспарланды. Алдағы уақытта ол қзінің өрістетілуіне байланысты қала тұрғындарын одан да артық қамтаамасыз етуге 2022 жылға жоспарлап жатырмыз».

Айта кетейік, елімізде жыл басынан бері 398 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның 134-і бала. Сонымен қатар, шомылу маусымы кезінде 319 адам суға кетіп, соның арасында 95 бала жазатайым оқиғадан қайтыс болды.

                                                                                                 Әлихан Файзханов