Шымкентте халықпен кері байланыс нәтижелі іске асуда

97

Шымкент қаласында халықпен кері байланыс орнату мақсатында «Ашық әкімдік» жұмысын бастаған еді. Қала әкімі мен орынбасарлары тұрғындардан әкімшілік кедергілерді азайту және арыз-шағымдар мен талап-тілектерін қабылдайды.

Алайда, ел аумағында қалыптасқан эпидахуалға байланысты қабылдаулар уақытша онлайн өтуде. Шағымданушы азаматтардың басым бөлігі – жер мен тұрғын үй алу мәселесі бойынша жүгінеді. Әкімдік құзіреті шегінде 167 мемлекеттік қызмет көрсететін болса, соның 158-і «Egov.kz» порталы арқылы жүзеге асады, қалған 9-ы әзірге қағаз жүзінде.

Бірақ жыл соңына дейін арнайы порталдар іске қосылып, әкімдік ұсынатын қызметтер толық электронды түрде ұсынылады.

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері жергілікті органдардың қызметіне қатысты қабылданған өтініштердің 93%-ына жауап берілген.

Жанерке Хумар