Шымкентте полицейлер 13 мыңнан астам үйді тексерді. Бұл Әл-Фараби аудандық учаскелік полиция инспекторларының “Учаске” іс-шарасы аясында жүзеге асып отыр.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары өздеріне тиесілі аумақтардағы көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке сектор үйлерін аралап, онда тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет жинайды.
Тексеру барысында 200-ге жуық полицей 13 505 үйді тексерді, олардың 5 220 жалға берілгенін анықтады. Азаматтардың құжаттарын тексерген соң, үй иелеріне олардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылады.
Учаскелік полиция пункттерінің байланыс мәліметтері жазылған парақшаларды тапсырады. Шара басталғалы 343 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталған. Олардың көпшілігі – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу мен масаң күйде жүру жайттары.
Әлихан Файзханов