Түркістан қаласының аумағы ұлғайтылды

91

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инфрақұрылым қалыптастыру қарқынды деңгейде жүзеге асып жатыр. Жұмыс барысын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өзінің ерекше назарына алған.

Қазіргі таңда қаланың аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға ұлғайтылды. Шаһарды дамыту сатысының ең алғашқы кезеңі 2025 аяқталады деп жоспарлануда.

Екінші кезеңі – 2035 жылы, үшінші кезеңі – 2050 жылы тәмамдалады деп көзделіп отыр.

Мәселен, жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағында» сыйымдылығы 100 текше метр болатын жасанды арал пайда болады. Ол үшін су ұңғымасы мен резервуар салынған. Ал Б. Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» жер көлемі 20 гектардан асады. Онда 5 мыңға жуық ағаш, 25 мыңға жуық жасыл бұта егіліп, жасанды тоған орнатылған.

Әлихан Файзханов