Жастар практикасы бағдарламасы-жастарға зор мүмкіндік

147

 

Шымкенттік жас Дінмұхамед Абзалбек – мемлекеттік бағдарламаның жемісін көргендердің бірі. Жас маман М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған.

Оқу бітірген соң, бірден жұмыссыз мәртебесін алып, биыл наурыз айында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қоғау басқармасына жастар практикасы бағдарламасымен 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.

– Осы бағдарлама арқылы ең алдымен әлеуметтік салада кәсіби тәжірибе жинақтап жатырмын. Алдағы уақытта жинаған тәжірибемнің арқасында тұрақты жұмысқа орналасқым келеді, – дейді 22 жасар қала тұрғыны.

Айта кетсек, аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК құрайды. Бағдарламаға қатысуға ниетті жастар тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлімшелеріне жүгіне алады.

Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл басынан бері 2176 шымкенттік жас аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.