Жұмысқа тартылған жастардың жалақысы көтерілді

287

Мемлекет басшысы мәжіліс отырысында Үкіметке жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламаларын жүзеге асыру, сонымен қатар жалақысын көтеруді тапсырған болатын. Президент тапсырмасы Шымкент қаласында қаншалықты орындалып жатыр?

Ізденген адам жұмыс табады дейді екінші жыл қатарынан қоғамдық жұмысқа жолдама алған Нұрсәуле Аманжолова. Жоғары оқу орнында сырттай оқитын бойжеткен, бүгінде барлық күш жігерін еңбекке салуда.

«Осы  жұмысты ұнатамын, тұрақты орнықсам ба деймін. «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы жастар үшін өте тиімді. Мен басқармаға келіп түсетін хаттармен жұмыс  істеймін. Оларды  білікті мамандарға жіберіп, мерзімінде орындалуын қадағалаймын»,-дейді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қоғамдық көмекші Нұрсәуле Аманжолова.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қоғамдық жұмыс бойынша биылға тапсырманы орындап, мыңнан астам азаматты уақытша жұмысқа орналастырыпты. Жастар практикасы бойынша да өтініш жасаған жас мамандар жұмыспен қамтылуда дейді сала мамандары.

Дария Ордабаева, Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары: «Президент жастарды жұмыспен қамту бойынша тапсырма берді. Тапсырма орындалуда. 29 жасқа толмаған ЖОО бітіргеніне 3 жыл болған жас мамандарды 6 ай жұмыспен қамтитын едік, енді ол 12 ай болып бекітілмек. Айлығының мөлшері де 25 АЕК 30 АЕК көтерілмек.

КәсіпорынЖастарды жұмыспен қамту бағытында былтыр іске қосылған «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы биыл да жалғасын табады. Жоба бойынша 18 айдың 9 айы мемлекет тарапынан субсидияланса, қалған жалақысын төлеу жұмыс берушіге міндеттеледі. Айлығы 20 АЕК мөлешірінде болса, жоба қабылданса, 30 АЕК, яғни 91 мыңнан астам жалақы алатын болады. Әлеуметтік жұмыс орны  бойынша да жұмысқа қабылдаймыз. Жалақының 35 пайызы мемлекет  тарапынан субсидияланса, қалғанын мекеме өз қаражатынан төлейді».

Жұмысқа орналасуға ынтасы бар жастар Еңбек.кз сайтынан бос жұмыс орындары жайлы мәліметтерді алуына болады.

Шынар Оразова