Абаттандыру ережесін бұзған 27 тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

111

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Еңбекші АПБ-ның ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен ағымдағы жылдың 25-қазанында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында 27 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.