Халық санағы не үшін қажет?

207

Қыркүйек айының 1-нен басталып, 30 қарашаға дейін жалғасатын халық санағының онлайн режимі аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда жалпы санақтан қанша адам өтті? Офлайн-режимдегі санаққа қанша интервьюер тартылған? Санақтың елдің әлеуметік-экономикалық ахуалына әсері қанша?

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде халық санағы басталған еді. Дегенмен, халық арасында «Санақ не үшін керек?» деген сұрақ туындаған болатын. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы тұрғындардың сауалына жауап беріп, санақтың қаншалықты маңызды екеніне тоқталып өтті. Сөзінше, халық санағы елдегі жұмыс орындары, қаланың даму деңгейі туралы толыққанды көрініс береді.

Ерғали Білісбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Неше балабақша, неше мектеп керек? Жоспар алдымызда қойып отырған, бағыттар, соның бәріне жету үшін осы бізге санақ керек. Жанұяның санын білгеннен кейін мектеп, балабақша, ЖОО, не керек бізге жалпы?  Бізде өсім көп. Күніне жарық, газ, су, кәріз пайдаланып отыр. Соның бәрін біз санауымыз керек. Қанша пайдаланып жатырмыз? Қалай шығып жатыр? Қандай жол жасауымыз керек, бағыттар құру керек? Жоспар бар алдымызда».

Ерғали Білісбековтың айтуынша, халық санағының жаңа оқу орындарын, медициналық мекемелерді ашу, инфрақұрылым жүйесін құру мәселелерін толықтай шешуде үлесі зор. Санақтың арқасында қала бюджеті артып, 2023 жылы ауыз сумен, 2024 жылға дейін газбен толық қамтуға мүмкіндік бар.

Осы орайда, қала әкімінің орынбасары Шымкентке басқа қаладан келушілерді де санақтан өтуге шақырды. «Себебі қаланың инфрақұрылымын пайдаланғаннан кейін, біз толық шығынды білуіміз қажет» -дейді ол.

Ерғали Білісбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бізде Түркістаннан келіп істеп жатқан адамдар бар. Осы жерде тұрып су, жарық, газ, жол бәрін пайдаланады.  Бізде 100 мыңнан астам студент сырттан келіп оқиды. Одан ешқандай қорықпау керек. Сіздерге онлайн ба, офлайн бар келгеннен кейін санақтан өту керек. Осы қалада тұрғаннан кейін, пайдаланғаннан кейін».

Халық санағы 1 қыркүйекте басталып, 30 қазанға дейін жалғасады. Алғашқы 45 күн, яғни 15 қазанға дейін тұрғындар онлайн-санақтан өте алады. Ал, 1 қазаннан бастап 1200 интервьюер үйлерді аралап санақ жүргізуде.

Қазіргі таңда Шымкентте 253115 адам онлайн санақтан өтті, бұл 23 пайызды құрап отыр. Ал 78432 адамға оффлайн режимде жүргізіліп, жалпы саны 331547 тұрғын санақтан өткен.

Гүлдана Дәурен