Халық санағын онлайн қалай өтуге болады?

258

Ұлттық статистика бюросындағылар халыққа санақтан онлайн режимде өтуге кеңес берді. Яғни, sanaq.gov.kz сайты арқылы тіркеліп, барлық парақшасын толтыру керек.

Белгіленген қадамды орындағаннан кейін ұялы телефон нөміріне «Сіз халық санағынан өттіңіз!» деген SMS-хабарлама келеді. Ал үйге планшет ұстаған адамдар келгенде SMS-хабарламаны көрсетсеңіз жеткілікті.

Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының басшысы: «Халық санағынан онлайн форматта өту үшін алдымен сайтта тіркелу керек. Ол жерде ұялы телефон нөмірі де көрсетіледі. Сол нөмірге «Сіз халық санағынан өттіңіз!» деген арнайы SMS-хабарлама келеді. Ал үйге планшет ұстаған адамдар барған кезде SMS-хабарламаны көрсете салуға болады. Осылайша қағаз жүзінде жасалатын санаққа қатыспауға мүмкіндік бар».

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн санақ өтеді. Ал 1 қазаннан бастап мамандар үйлерді аралап, жаппай сауалнама жүргізеді.

                                                                                                Мөлдір Ибадуллаева