Шымкент жүрек орталығының құрылғанына биыл 20 жыл. Мерейтойға орай қалалық кардиоорталықта «Жаңа көкжиектерге жол» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға медицина ғылымдарының докторы Юрий Владимирович арнайы келіп, дәрігерлерге дәрістер өткізді.

Шымкент жүрек орталығының құрылғанына 20 жыл толуына орай қаламызда халықаралық конференция өтті. Шара барысында «Юниверсити Медикал Центр» корпоративтік қорының басшысы Юрий Пя, «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова бастаған дәрігерлер тобы арнайы дәріс оқып, тәжірибелік оталар өткізді. Кардиохирургтың айтуынша «Мұндай маңызды операциялар әр қалада жасалуы керек, ол үшін басқа қалаға бару науқастың өміріне қауіпті болуы мүмкін.

Юрий Пя,  UMC КҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы: «Тек жүрек жеткіліксіздігі ғана емес, ритм бұзылуы, клапандық ауруы, АОРТ аурулары бойынша да дәрістер өткізіліп, тәжірибе алмасу болып жатыр. Бұрын бұл оталар өте күрделі саналатын және оны жасау қиынға соғатын еді. Қазір тамыр арқылы тек арнайы аппаратты кіргізіп қана жасауға болады. Бұдан кейін науқастардың аяққа тұрып кетуі де тез болады. Дегенмен, бұл бұл оңай болатын дүние емес. Әлі тағы бірнеше сабақтар өткіземіз».

1 күнде жүректің түрлі ауруларына байланысты күрделі 6 ота өтті. Және оның барлығы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша келген науқастарға жасалды. Сондай-ақ дәрігерлерге арнайы жаңа құрылғылымен жұмыс істеу бойынша мастер класс өткізілді.

Азат Түрсынбеков, Интервенциялық аритмология бөлімнің меңгерушісі: «Мастер класста жүрекке 6 түрлі ота жасалды. Ең негізгі операция жүрек жеткіліксіздігі кезінде жүрек өзінің негізгі қызметін атқара алмайтын кезінде жасанды жүректің қызметін атқарып тұратын насос құрылғысы операциясы жасалды».

Арнайы келген мамандар конференция аясында жүрек жеткіліксіздігі мәселесі бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, Шымкент қаласында алғаш рет сол қарыншаны механикалық қолдау құрылғысын имплантациялау отасы өтті. Шетелде құны 450 мың тұратын ота шеберлік сабағы аясында тегін жасалды. Дәрігерлер арнайы мамандармен бірлескен бірнеше тәжірибелік сабақтан соң, мұндай күрделі ота Шымкентте жасалатынын жеткізді.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Шымкент жүрек орталығы 20 жылдығын атап өтті. Орталықта ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық конференция өтті. Көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан әріптестеріміз қатысты. Және де Қазақстанның басқа қалаларына дәрігерлеріміз онлайн-офлайн түрде қатысты. Ең басты жетістігіміздің -Шымкент қаласы мегаполис алғаннан бері науқастарымыз ем алу үшін Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалаларына бармай, операцияларды қолжетімді, осында жасауымыз қажет».

Сондай-ақ, қалалық жүрек орталығында тек ересектер ғана емес, балалар кардиохирургиясын дамыту да қолға алынып отыр. Сол мақсатта қалалық балалар ауруханасы алғаш рет ангиограф және МРТ құрылғысымен қамтылды. Мамандардың айтуынаша, бірінші қантардан бастап балаларға ашық жүрек отасын жасау жоспарланып отыр.

Гүлдана Дәурен