Макарон өнімдері қымбаттады

256

Макарон өнімдері, әсіресе, Атырау, Қызылорда мен Қарағанды облыстарында қатты қымбаттады. Бір жылда макарон өнімдерінің бағасы 11%-ке өскен. Ал өндіріс бірден 13%-ке төмендеді.

Energyprom.kz мәліметінше, осы жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанда 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және өзге де осыған ұқсас ұн өнімдері өндірілген. Өңірлер арасында макарон шығару жағынан Шымкент көш бастады – 17,8 мың тонна. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан және Батыс Қазақстан облысы кірді. Бұған дейін Қазақстанның астық одағы макарон өнімдерінің бағасы өсетінін мәлімдеген еді. Өйткені нарықта шикізат құны көтерілген.

Оған биылғы құрғақшылық салдарынан бидай түсімінің аз болуы себеп.

Шынар Оразова