Пандемия кезінде ішкі туризмге сұраныс артты. Ұлттық статистика бюросы елдегі шипажайларға келушілердің 36%-ке көбейгенін хабарлады.
Былтыр туристік аумақтарға 1 млн. 600 мың адам саяхаттап барған. Оның 124 мыңнан астамы шетелдіктер. Әсіресе Алматыдағы тау кластеріне демалуға 868 мың адам барған. Содан кейін Алакөлге саяхаттағандар көп – 268 мыңға жуық.
Үштікті Маңғыстау облысы түйіндеді. Теңізге 144 мыңға тарта турист барған.
Сонымен бірге, Бурабай мен Шығыс Қазақстандағы шипажайларға сұраныс жоғары. Елде қонақүйлер 45%-ке көбейген.
Шынар Оразова