Туристерге саяхатқа жұмсаған ақшасының 20%-ы қайтарылуы мүмкін

24
туризм

Туристерге ел ішінде саяхатқа жұмсаған ақшасының 20%-ы қайтарылуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрі туристік кешбэк енгізуді ұсынды.

Бағдарлама туристік агенттік арқылы белгілі бір бағытқа жолдама сатып алған азаматтарға қаржының 20%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік береді дейді. Тек мұндай жеңілдік саяхат маусымы кезінде қарастырылмауы мүмкін.

Мысалы, Абай, Ұлытау облысы секілді бағыттарға шығын сомасының 20%-ы қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай секілді туристер көп баратын бағыттарға кешбэк 10% болмақ. Министр бағдарламаның барлық тетігін толық және сапалы енгізу туралы жоспарын айтты.